Мәскеуден Ақтауға бет алған ұшақ апатты жағдайда қонды

396

Әуе кемесі шұғыл түрде Самара әуежайына тұрақтады.

Мәскеуден Ақтауға бет алған ұшақ апатты жағдайда қонды Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеуден Ақтауға ұшқан Sukhoi Superjet жолаушылар ұшағы Самара әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Шереметьево - Ақтау бағыты бойынша ұшқан ұшақ Самарадағы Курумоч әуежайына шұғыл қонды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында штаттан тыс жағдай орын алған. Авиакомпания Самарада мәжбүр болған фактіні растап, түтін датчигі іске қосылғанын атап өтті.

"13 шілдеде Мәскеу - Ақтау FV6525 рейсімен келе жатқан Superjet ұшағы багаж бөлігінде түтін датчигі іске қосылуына байланысты Самара әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Авиакомпания рейсті орындау үшін Астана бойынша сағат 22:20-дан кейін Самараға келетін резервтік әуе кемесін жіберу туралы жедел шешім қабылдады. Рейсті Астана бойынша 00:00-ден кейін жалғастыру жоспарлануда", - деп атап өтті компания.

 

 

 

 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу