Мәскеуден шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

393

Экипаж бортқа жедел жәрдемді шақырды.

Мәскеуден шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды Фото: t.me/uzbairportsuz

Мәскеуден Термезге бет алған ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Uzbekistan Airports АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеу-Термез бағытындағы Uzbekistan Airways әуекомпаниясының HY9610 рейсінде жолаушылардың бірінің денсаулығы сыр беру себепті ұшақ Ақтөбе халықаралық әуежайының қосалқы аэродромына қонды. Экипаж бортқа жедел жәрдемді шақырды", - делінген хабарламада.

Ұшақ Ақтөбеге Ташкент уақытымен сағат 14:28 қонды. Әуекемесі жақын аралықта қайта ұшып шығуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу