Мәскеудің Ауғанстан бойынша кеңесі сәтсіз аяқталды

297

Ауғанстанның сыртқы істер министрі Әмір Хан Моттаки қорытынды құжатқа қол қоюдан бас тартты.  

Мәскеудің Ауғанстан бойынша кеңесі сәтсіз аяқталды Фото: Антон Новодерёжкин / Коммерсантъ

5 қазанда Мәскеуде Ауғанстан мәселесі бойынша Ресей, Қытай, Иран, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия елдері және Ауғанстан қатысқан Мәскеу форматындағы кеңестің VIII отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Адырнаға" сілтеме жасап.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, тараптар Ауғанстанмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ терроризм мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы өңірлік өзара іс-қимылды талқылаған.

Кездесуге Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның арнайы өкілдері қатысты.

Ауғанстанның сыртқы істер министрі Әмір Хан Моттаки қорытынды құжатқа қол қоюдан бас тартты.

Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабуловтың айтуынша, Моттаки құжат мәтінінде Ауғанстанның "терроризм контекстінде тым жиі аталуына" наразылық білдірген.

Кездесу барысында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Талибанның" Ауғанстанды қалпына келтірудегі жұмысына оң баға беріп, есірткі және терроризммен күрестегі жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, Мәскеу форматындағы кеңестер Ресейдің бастамасымен 2017 жылы құрылған. 2025 жылы Ресей "Талибанды" террористік ұйымдар тізімінен шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу