Мәскеудің бұрынғы мэрі елімізде құны 2 млрд доллардың жобасын салмақшы

1222

Мәскеудің бұрынғы мэрі елімізде құны 2 млрд доллардың жобасын салмақшы

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков еліміздің  Маңғыстау облысында құны 2 млрд долларды құрайтын су таратқыш желі салуға ниетті. Бұл туралы ол жұма күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде мәлімдеген. Жоба жөнінде ол РБК телернасына берген сұхбатында да айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

"Нұрсұлтан Әбішұлымен бұл мәселені талқылауды бастадық. Енді біз барынша дайындаламыз. Мен жоба қолдау табады және халық үшін тиімді болады деп ойлаймын", — деді ол.

Оның сөзінше, көлемі шамамен 200 шақырымды құрайтын қуатты су таратқыш желі құрылысы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен басталып, Маңғышлақ түбегіне дейін жетуі мүмкін. "Жоба үлкен, шамамен 2 млрд долларды құрайды. Бірақ бұл алдағы он жылға арналған болжам", — деді ол.

Оның атап өтуінше, егер елді мекенде су болатын болса, міндетті түрде бизнес пен өндіріс, ауыл шаруашылығы, шипажай бизнесі дамиды. Сондай-ақ, жобаның потенциалды инвесторы бар.

"Біз осы жобаны жүзеге асыратын, оны қаржыландыратын банктік жүйені таптық. Жұмсалған қаражат суға төленген ақы арқылы қайтарылады", — деді ол. Алайда аталған банктік жүйе қазақстандық емес, халықаралық жүйеге тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу