Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке аттануға дайындалып тұрған "Россия" әуе компаниясының ұшағы басқа әуе компаниясының ұшағымен соқтығысып, зақымданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып тұрғанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты тиіп, зақымданған", – делінген хабарламада.
Әуе компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08-де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды.
Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30-да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39-да орындалды.