Мәскеулік студент қазақ тіліне қызығушылығы қалай артқанын айтып берді

Кристина Юдина соңғы 2 жылда қазақ тілін үйренуді қолға алған.  

Мәскеулік студент қазақ тіліне қызығушылығы қалай артқанын айтып берді Фото: Видеодан скриншот

Бір қызығы, Мәскеуде туып-өскен қыздың қазақ мәдениетіне деген ынтызарлығы артуы бітіру кешіне арналған көйлекті Алматыдан іздеуінен басталыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ол Қайрат Нұртастың әндерін сүйіп тыңдайтын көрінеді. Бұл да қазақ тіліне деген құмарлығының артуына себеп болған. Бұл туралы Кристина "PRESIDENT" жобасының жүргізушісі Әділ Балтабаевқа берген сұхбатында айтты.

– Маған қазақ эстрадасының әншісі Қайрат Нұртас өте қатты ұнайды. Оның сұхбаттарын жиі көремін. Өзі көңілді, ақжарқын, ашық адам екен. Әндерінің де ырғағы мен сөзі бірден баурап алады, – дейді ол.

Осы күні Кристина Юдина – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті. Қазақ тілін жүйелі түрде меңгеруді қалайды, қазақ музыкасы мен әдебиетін де қызыға оқуда. Болашақта Қазақстанға тағы ат басын бұрып, тілдік ортада тәжірибесін жетілдіруді жоспар етеді.

– 9-сыныпта оқып жүргенімде бітіру кешіне көйлек іздеп, әлеуметтік желілерді қарай бастадым. Көрген әдемі көйлектерімнің көбі Қазақстанда, яғни Алматы қаласында сатылатынын байқадым. Сол кезде "Қандай әдемі ел, мәдениеті де ерекше шығар" деп ойладым. Содан кейін қазақ тілін үйренуге, елдің мәдениетін жақынырақ тануға қызығушылығым артты. Маған Қазақстан қатты ұнайды, табиғаты да, адамдары да, тілі де әдемі, – деп сөзін қорытындылады Кристина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу