Мәслихат депутаты 200 мың доллар парамен ұсталды

987

Ол Талғар ауданындағы аумағы 12 га жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бір азаматтан 200 мың доллар (76 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінді.

Мәслихат депутаты 200 мың доллар парамен ұсталды

Талғар аудандық мәслихатының депутаты 200 мың доллар (76 млн теңге) парамен ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы облысында Талғар аудандық мәслихатының депутаты – аталған ауданның жер комиссиясының мүшесінің пара алғаны анықталды. Ол Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық округіндегі аумағы 12 га жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бір азаматтан 200 мың доллар (76 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінді", – деді Бауыржан Балғабеков.

Күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу