Мәслихат сайлауына қаражат Үкімет резервінен бөлінеді

291

Сайлауға қанша қаражат қажет екені әзірге белгісіз.

Мәслихат сайлауына қаражат Үкімет резервінен бөлінеді Фото: informburo.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы Мәслихат сайлауына қаражат қайдан бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-премьер мұндай мақсаттар үшін Үкімет резерві көзделгенін атап өтті.

"Осыған дейін өткен сайлауларға кеткен қаражат сомасы жарияланды. Алда өтетін Мәслихат сайлауына келсек, дауыс беру учаскелері анықталып, Орталық сайлау комиссиясы қажет қаражат мөлшерін есептеген соң, біз бұл соманы Үкімет резервінен бөлеміз", – деді Серік Жұманғарин Құрылтайда кейін өткен брифингте.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, Үкімет резервіндегі қаражат әртүрлі мақсаттарға жұмсалуы мүмкін.

"Төтенше жағдайларға, қажеттілік туындаған жағдайда өңірлерді қолдауға және т.б. басқалары бар. Жалпы алғанда, төрт негізгі бағыт бар", – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін мерзім белгілі болғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу