Мәслихат сессиясында бейәдеп сөздер айтқан депутатқа айыппұл салынды

433

Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Мәслихат сессиясында бейәдеп сөздер айтқан депутатқа айыппұл салынды Фото: видео скриншот

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке 21 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

"Мен полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. Мені ұсақ бұзақылық жасағаным үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартты. Жіберген қателіктер үшін толық жауап беру керек. Бұл заң алдында барлығы тең екендігінің жақсы үлгісі", - деді ол Instagram парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу