Мәслихат шешімімен Шымкентте бесінші аудан құрылатын болды

601

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында мегаполисте бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы мәселе қаралып, халық қалаулыларының қолдауына ие болды. 

Мәслихат шешімімен Шымкентте бесінші аудан құрылатын болды

Осыған орай, қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов сөз алып, демографиялық өсім бойынша тұрғындар саны жыл сайын 2,5-3 пайызға көбейіп келе жатқанын айтты.

Сонымен бірге Шымкент республикалық маңызға ие қалалардың ішіндегі аумағы жағынан ең үлкені саналады. Әрі мегаполиске ауыл типтес 41 елді мекен шеттен қосылған. Бұларды дамыту – кезек күттірмейтін мәселе. Осыған байланысты жаңадан бесінші аудан құру қажеттілігі туындаған.

Бесінші аудан қаланың әкімшілік жұмысын жеңілдетіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапалы деңгейге көтеріледі деген сенім білдірді аппарат басшысы. 

Жаңа аудан аумағы 36 мың гектарға созылып, тұрғын саны шамамен 210 мың адамды құрайтын болады. 

Әнуар Жұмашбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу