Математик Асқар Жұмаділдаевқа белгілі бизнесмен автокөлік сыйлады

Бұл туралы кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Математик Асқар Жұмаділдаевқа белгілі бизнесмен автокөлік сыйлады Фото: Бейнежазбадан

Айтулы дата аясында кәсіпкер Жәнібек Жанықұлов ғалымға Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жәнібек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді.

Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз! – деп жазды Сырымбек Тау. 

Осылайша, Асқар Жұмаділдаевқа ерекше құрмет көрсетіліп отыр. Қазақстанда дәл осындай көліктің бағасы 30 миллион теңге тұрады. 

Айта кетейік, математиктің есімі қазақ қауымы үшін ерекше. Ғалымның ағартушылық саласында қайталанбас өзіндік қолтаңбасы бар екенін көпшілік бес саусақтай біледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу