Әлеуметтік желіге кеңінен тараған бұл іс-әрекет көпшіліктің ашуын туғызған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбада балалар стадиондағы көрермендерге арналған орындықтарды әрі-беріп тартып, теуіп сындырып жатқаны бейнеленген.
Ұлытау облыстық полиция департаменті "Жастар" стадионы аумағындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
– Екі кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оларға ата-аналарымен бірге профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, олар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндетті болады, – деп жазылған хабарламада.