Мәулен Әшімбаев электросамокаттарды пайдалану заңына қатысты сұрақ көп екенін айтты

554

Отандық заңнамаға "шағын электр көлік құралы" және "электрондық самокат" ұғымдары енгізіледі. 

Мәулен Әшімбаев электросамокаттарды пайдалану заңына қатысты сұрақ көп екенін айтты Фото: Zakon.kz

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев электросамокаттарға қатысты заңның құқықтық қолданылуын қарастыру қажеттігін айтты.

"Қазір бізге заңның құқық қолдану тәжірибесін, ол қалай жұмыс істейтінін қарастыру керек. Бизнес құрылымдарынан, халықтан және самокат айдаушылардан бірқатар өтініштер мен хаттар түсті. Бұл жағдайда үш топтың – бизнес, халық және самокат айдаушылардың мүдделер қайшылығы қалыптасты.  Бізде (ред. – Сенатта) осы құжатты одан әрі жетілдіру үшін Мәжіліске қайтару опциясы да болды. Бірақ заңның құқықтық тұрғыдан қолданылуын 6 ай қарау керек деген шешімге тоқтадық. Заң қалай жұмыс істейді, бұл жолдағы адамдардың өміріне, ең бірінші кезекте самокат тебетіндерге қауіп төндірмей ме дегендей. Екіншіден, 6 км-ге қатысты сұрақтар да болды. Бизнес оны көбейтуді сұрады", - деді Сенат спикері.

Ол қажеттілік туындаған жағдайда Парламенттің бұл заңға қайта оралатынын да айтты.

"Әзірге заң жауаптан гөрі көп сұрақ туғызады", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін Сенат депутаттары электросамокаттарды пайдалану мәселелерін реттейтін заңды мақұлдағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу