Мәулен Әшімбаев ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссияны басқаратын болды

479

Қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның құрамы бекітілді. 

Мәулен Әшімбаев ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссияны басқаратын болды Фото: kaztag.kz

Бірлескен комиссияның төрағасы болып Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайланды.

“Парламент регламентінің 88 тармағына сәйкес, бірлескен комиссияның төрағасы палаталардың бірлескен отырысында сайланады. Аталған комиссияның төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың ұсынамын”, - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Комиссия құрамына Сенаттан ұсынылғандар: Мәулен Әшімбаев, Ольга Перепечина, Асқар Шәкіров, Сүйіндік Алдашев, Нұртөре Жүсіп, Әли Бектаев, Нұрлан Құдияров, Сергей Карплюк, Ақмарал Әлназарова.

Мәжілістен: Альберт Рау, Нұртай Сабильянов, Аян Зейнуллин, Павел Казанцев, Асхат Рахымжанов, Асқар Садықов, Ерлан Стамбеков, Гауһар Танашева, Динара Шүкіжанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу