Маусым айында Үндістан Ресей мұнайының импортын арттырды

189

Нақтырақ айтқанда, Ресейдің теңіз арқылы экспортталған мұнайының 59 пайызы Үндістанға жөнелтілген.  

Маусым айында Үндістан Ресей мұнайының импортын арттырды Фото: Reuters

Ал Қытай керісінше Ресей мұнайын сатып алу көлемін қысқартуды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Vortexa cараптамалық компаниясының маусым айындағы есебінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сарапшылардың сөзінше, маусымда Ресейдің теңіз арқылы мұнай экспорты тәулігіне 4,2 миллион баррельге жеткен. Бұл – 2026 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Экспорттың басым бөлігі Үндістанға бағытталып отыр.

Vortexa мәліметінше, Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары Таяу Шығыстан жеткізілетін арзанырақ мұнай сұрыптарына ауысқан. Соның нәтижесінде маусымда Қытайдың мұнай импорты 25 пайызға азайды. Ал Шаньдун провинциясындағы тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары өндірістік қуатын қысқартып, сатып алу көлемін 26 пайызға төмендеткен. Бұл өңір Қытайдағы Ресей, Иран және Венесуэла мұнайын өңдейтін негізгі орталық болып табылады. 

Сонымен қатар, Үндістан Ресейдің шикі мұнайын сатып алуды арттыруды жалғастырып келеді. Мамыр айымен салыстырғанда жеткізілім көлемі тағы 27 пайызға өскен.

7 шілдеде Reuters агенттігі Үндістан порттарында Ресейдің Urals маркалы мұнайына берілетін жеңілдік эталондық Brent сұрпына қатысты бір барреліне 10 доллардан асқанын хабарлады. Бұл өткен жаздағы көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. 

Мұндай өзгеріске Үндістандағы мұнай өңдеу компаниялары тарапынан сұраныстың төмендеуі және балама мұнай жеткізілімдерінің көбеюі себеп болған. Ал наурыз-маусым аралығында, керісінше, Үндістан мен Қытайда Urals мұнайы Brent-тен қымбат бағада сатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу