Маусымда Қазақстанға Чехиядан 8 Пржевальский жылқысы жеткізіледі

182

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Прагада өткен "Жабайы жылқыларды қайтару – 2025" атты жобаның таныстырылымына қатысты.  

Маусымда Қазақстанға Чехиядан 8 Пржевальский жылқысы жеткізіледі Фото: Miroslav Bobek / Prague Zoo

Жоба Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайта қоныстандыру жөніндегі бірегей халықаралық жобаны іске асыруға арналады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс-шара аясында қатысушыларға жобаның негізгі кезеңдеріне шолу ұсынылып, 2024 жылы сәтті жүзеге асқан алғашқы тасымал нәтижелері мен 2025 жылғы маусымға жоспарланған 8 жылқыны жеткізу бойынша келесі кезең таныстырылды.

Өз сөзінде Елші жобаның серіктестері – Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобекке, Хортобадь ұлттық паркіне (Мажарстан), сондай-ақ Чех Республикасының Үкіметіне жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдірді.

- Бұл жоба тек елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтумен шектелмей, бүкіл Жер бетіндегі биологиялық әртүрлілікті қалпына келтіру үшін де аса құнды, – деп атап өтті Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев.

Пржевальский жылқыларын Қазақстанға қайта қоныстандыру жобасы табиғатты қорғау және жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісіне айналды.

2024 жылы Қазақстанға Прага және Берлин хайуанаттар бағынан 7 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Осы кезең ішінде жануарлар жаңа ортаға бейімделіп, қысты аман өткерді. Бүгінде жабайы табиғатқа жіберуге дайындық үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу