Оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 300 орынды құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жолаушылар тасымалы" компаниясы 1 маусымнан бастап №220/219 "Қарағанды – Балқаш" бағытындағы жолаушылар пойызын іске қосады. Бұл бағыт Қарағанды облысының тұрғындары үшін көлік қатынасын кеңейтіп, Балқаш қаласына сапарлайтын жолаушыларға қосымша мүмкіндік береді.
Бағыттың жалпы ұзақтығы 472 шақырымды құрайды. Жол жүру барысында 19 аялдама қарастырылған. Пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді.
Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.
Қозғалыс кестесі
Қарағанды станциясынан:
- Жөнелтілуі – 06:00
- Балқаш станциясына келуі – 12:48
Балқаш станциясынан:
- Жөнелтілуі – 13:45
- Қарағанды станциясына келуі – 20:53
Билеттер комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында қолжетімді.