Мажарстан паспорты әлемдік рейтингте үздік жетілікке енді

137

Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) мәлім етті.

Мажарстан паспорты әлемдік рейтингте үздік жетілікке енді Фото: Daily News

Мажарстан Еуропалық Одақ елдері арасында паспорттар рейтингі бойынша жетінші орынға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ел азаматтары 185 мемлекетке визасыз бара алады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылады.

IATA ай сайын жаңартып отыратын тізімде 199 елдің паспорты мен 227 бағыт сарапталады. Мажарстан бұл жолы Аустралия, Чехия, Мальта және Польша елдерімен бірге 7-орынды бөлісті.

Көршілес мемлекеттер ішінде Словакия, Словения және Хорватия тоғызыншы орында (183 бағыт), Румыния – 13-орында (177 ел), Украина – 29-орында (147 ел), ал Сербия – 34-орында (138 ел).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу