Мажарстан сыртқы істер министрі Петер Сийарто Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келді

870

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірнеше құжаттарға қол қойылды. 

Мажарстан сыртқы істер министрі Петер Сийарто Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келді

Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийарто Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келіп, соның шеңберінде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сүйене отырып.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мажарстан ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жолдарын, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Өзара қызығушылық тудыратын халықаралық сипаттағы бірқатар мәселелер, соның ішінде қазақстандықтар үшін Еуроодақ визалық режимін оңайлатуға қатысты мәселелер қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірнеше құжаттарға қол қойылды.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мажар министрінің екі елдің 30-ға жуық ірі іскер топтар өкілдерінің қатысуымен Дипломатиялық бизнес-клуб мүшелерімен кездесуінің басты тақырыбы болды.

Сапар барысында П.Сийарто Қазақстан Республикасы Президентінің қабылдауында болады және Сауда және интеграция министрімен кездесу өткізеді, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы, Түркі академиясы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барады.

Гуманитарлық ынтымақтастық аясында бүгінде Мажарстанда 1000-ға жуық қазақстандық студент білім алып жатқанын атап өткен жөн. Мажарстан жыл сайын Қазақстан үшін 250 білім грантын бөледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу