Мажарстанның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның інісі Арон Орбан заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен бір ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы "Риа Новости" агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kontroll.hu порталының жазуынша, ұлттық активтерді қайтару және қорғау басқармасы мен ұлттық тергеу басқармасы бірлескен операция жүргізіп, бұрынғы премьердің інісін ұстағанын хабарлады.
"Сот прокуратураның өтініші бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген айыппен қозғалған қылмыстық іс аясында Арон Орбан мен оның сыбайластарына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады", – делінген соттың өз сайтында жариялаған баспасөз хабарламасында.
Сот істің тағы бір фигурантын да бір ай мерзімге қамауға алды, ал басқа күдікті төрт айға үйқамаққа алынады. Прокуратура Орбан мен оның сыбайласын қамауға алуды сұраған.
Іс бойынша отырыстан кейін Орбанның адвокаты Эдит Эва Telex басылымына мұндай бұлтартпау шарасының негізділігін растайтын ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.