Мажарстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде 5 боксшымыз жартылай финалға өтті

803

Қазақстан сапынан бір боксшы жеңілді. 

Мажарстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде 5 боксшымыз жартылай финалға өтті

Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Боскай атындағы турнирде жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ, 52 келідегі Сәкен Бибосынов таиландтық қарсыласын жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті. 

56 келідегі Оразбек Асылқұлов тағы бір таиландтық спортшы Аммарид Яаддамнан басым түсті. 

60 келідегі Серік Теміржанов ресейлік Шахриер Ахмедовтен мықтылығын дәлелдеп, дәстүрлі турнирдің жартылай финалына жетті. 

64 келідегі Сабыржан Бекбергенов пен молдовалық Дмитрий Галагот арасындағы жекпе-жек те біздің спортшының жеңісімен аяқталды. 

75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет ресейлік Вадим Туковты жеңді.

Еске сала кетейік, Венгриядағы турнирде Қазақстан сапынан әзірге бір боксшы жеңілді. Ол аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу