Мәжіліс 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

666

Заң жобасы елдің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.  

Мәжіліс 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады Фото: baq.kz

Қаржы министрлігінің дерегінше 2023 жылы әлеуметтік салаға бюджеттен 10,6 трлн теңге бөлу көзделген.

Бюджеттің әлеуметтік шығыстары зейнетақы мен жәрдемақы алушылар контингентінің өсуі мен жыл сайынғы индексациялау; педагогтердің, дәрігерлердің, медициналық емес қызметкерлердің және азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыру; "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыруға байланысты ұлғайып отыр.

2023 жылға экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланған (2024 жылы – 1,9 трлн теңге, 2025 жылы – 1,7 трлн теңге). Үкімет  өңдеу өнеркәсібін дамыту, өңірлерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау және көлік және газ тасымалдау жүйесін дамытуға баса назар аудармақ. Күш құрылымдарына 2023 жылға 2,3 трлн теңге  (2024 жылы – 2,2 трлн теңге, 2025 ж. – 2,1 трлн теңге) жұмсау жоспарланып отыр.

2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6,2 трлн теңге бөлінетін болады, бұл жалпы бюджет шығыстарының шамамен 29,4%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу