banner

Мәжіліс 345,7 млн еуро Қарыз келісімін ратификациялауды мақұлдады

553

Бүгін Қаржы министрлігі Мәжілістің қарауында "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын ұсынды деп жазады, inbusiness.kz. 

Мәжіліс 345,7 млн еуро Қарыз келісімін ратификациялауды мақұлдады

Биыл 2 шілдедегі Президент Жарлығына сәйкес аталған қаржы ұйымынан 345,7 млн еуро сомасында Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мәліметінше, қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады.

Министрдің айтуынша, бұл қаржы республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға арналған қаражатпен қоса, жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді.

"Дүниежүзілік Банктің қарызы Қазақстан Республикасына 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен, 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25%, ал резервтік комиссия игерілмеген қарыз қалдығының 0,25% құрайды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу