Нығматулин: Мәжіліс ауыл шаруашылығы, тұрғын үй мәселелеріне ерекше назар аударады

2535

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин жаңа Үкімет жасақталғаннан кейін депутаттар алдында қандай жұмыстарды атқару міндеті тұрғанын айтты.

Нығматулин: Мәжіліс ауыл шаруашылығы, тұрғын үй мәселелеріне ерекше назар аударады

"Кеше ғана Мемлекет басшысы Қазақстан алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп берді. Ерекше айтарымыз – бұрын болмаған "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры құрылатын болды. Қор тікелей әлеуметтік маңызды мәселелерді шешумен айналысады. Сосын екі айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы қабылданады", – деді ол. 

Оның айтуынша, депутаттар Үкіметпен ғана емес, саяси партия, азаматтық қоғам, сарапшылар бірлестіктерімен тығыз қарым-қатынас жүргізуі керек.

"Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке, соның ішінде Мәжіліске үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан біздің депутаттық корпус барлық бастаманы жедел тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Бұл жолда жеке тұлғалардың банкроты, тұрғын үймен қамту, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әсіресе ауыл шаруашылығын: шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға, білімді күшейтуге ерекше назар аударамыз", – деді Нығматулин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу