Мәжіліс депутаттары бірінші сессияның жоспарын нақтылады

815

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында алғашқы сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары талқыланды.

Мәжіліс депутаттары бірінші сессияның жоспарын нақтылады

VII  шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің ағымдағы сессиясына арналған іс-шаралар жоспарын Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева таныстырды. Оның айтуынша, депутаттар қарайтын жұмыстар жоспары 5 бөлімнен тұрады. Бірінші сессияға барлығы негізгі 35 іс-шараны өткізу жоспарланған, оның ішінде Мәжіліс комитетерінің 9  кеңейтілген тақырыптық отырысы, үкіметтік сағаттар, 1 халықаралық конференция, 9 дөңгелек үстел және басқа да іс-шаралар ұсынылып отыр.

"Мәжілістің халықаралық және парламентаралық қызметін іске асыру бойынша шаралар жеке кесте негізінде жүзеге асырылады. Бұған қоса, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аталған тақырыптық отырыстарды бейнеконференц-байланыс форматында  өткізу қарастырылған", – деді Б.Кесебаева.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы, депутат Ләззат Рамазанова Қаржы және бюджет комитетінен Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, ал депутат Айгүл Нуркина Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Заңнама және сот-құқықтық реформа  комитетіне ауыстырылғаны белгілі болды. 

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу