Мәжіліс депутаттары куәлік пен төсбелгі алды

1603

VII шақырылымның Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін алды, деп хабарлайды parlam.kz сайты.  

Мәжіліс депутаттары куәлік пен төсбелгі алды

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді.

Іс-шарада жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табысталды.

Сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша "Nur Otan" партиясынан 76 депутат,   "Ақ жол" партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.    

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу