Дания Еспаева: Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарату керек

Депутаттардың пікірінше олардан пайда жоқ, шығын көп.

Дания Еспаева: Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарату керек

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың негізгі мақсаты – аймақтардың экономикалық дамуына жәрдемдесу еді, алайда олар әкімдіктер жанындағы шаруашылық бөлімдер айналды, деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

"2015 жылы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың негізгі мақсаты – аймақтардың экономикалық дамуына жәрдемдесу болуы тиіс еді. Іс жүзінде олар тұрақтандыру қорын басқаратын әкімдіктер жанындағы шаруашылық басқармаларға айналғанын атап өткен болатынбыз", – деді Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал жолдаған Дания Еспаева.

Оның айтуынша, 2017 жылдан бері "Ақ жол" партиясының өкілдері корпорациялар қызметінің тиімділігі мен алға қойылған міндеттердің орындалуына қатысты талдау жасауды талап етіп келеді. Тіпті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің алқа мәжілісінде корпорациялардың негізгі табысы салымдардан сыйақы алу және мүлікті сату болып табылатыны айтылған. Аталған ұйым атқарушы органдар мен әлеуетті инвесторлар арасында қосымша делдалға айналды.

"Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 39 млрд теңге игерілді, ешқандай нәтиже жоқ. Еншілес компанияларға да несие берілді. Аталған факті бойынша ӘКК лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын 7 млрд теңгеден астам", – дейді Дания Еспаева.

Депутат тұрақтандыру қорларының нарыққа тигізетін әсері аз екенін айтып, қорытындылай келе барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды таратып, олардың қызметтерін бәсекелес ортаға беруді ұсынды.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться