Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды

683

Депутат "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылған.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың "Нұр Отаннан" шығарылғанына байланысты депутаттық өкілеттілігі де тоқтатылды. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның "Nur Otan" партиясының қатарынан шығарылғаны туралы "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын",– деп жазылған ОСК Қаулысында.

Айта кетсек, 27 қарашада депутат Парламентте елімізде "Нұр Отанға" оппозиция бола алатын партия жоқ екенін, "Ел тірегі" деген жаңа саяси партия құратынын айтқан еді. Депутаттың бұл әрекеті "партия беделіне нұқсан келтірген". Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты, "Нұр Отанның" партиялық бақылау комитетінің жетекшісі Павел Казанцев фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Казанцевтің сөзіне сүйенсек, "Нұр Отанның" партиялық бақылау комитетінің отырысында оны партия құрамынан шығару бірауыздан мақұлданған.

Фото: ernur.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу