Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко бақилық болды

1196

Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко бақилық болды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында төраға Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Сергей Дьяченко Мәжілістің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарында депутат болды. Төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең ауыр науқастан қайтыс болды. Барлықтарыңыздың атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын", – деді Нұрлан Нығматулин.

Сергей Александрович Дьяченко 1952 жылы 18 қыркүйекте Ақмола облысының Шортанды ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Куйбышев жоспарлау институтын, 1987 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдады. Саясат ғылымының докторы. Қазақстан Республикасы Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болды. Ақмола облысы әкімі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу