Мәжіліс депутаты Ұлттық қорды екіге бөлуді ұсынды

694

"Біріншісі бюджет жетпеген қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылатын "резервтік қор", екіншісі - "Ұлттық қор - балаларға" болса дейді мәжілісмен Аманжан Жамалов. 

Мәжіліс депутаты Ұлттық қорды екіге бөлуді ұсынды

Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын балаларға аудару туралы ұсынысы халықтың үлкен қолдауына ие болды. Бірақ сонымен бірге белгілі бір сұрақтар мен дау-дамайды тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық қордан ақша ала отырып, Үкімет Президент Жолдауында айтылған балалар үшін де инвестициялық табысты қысқартатын болады. Сондықтан Ұлттық қорды екі қорға бөлу ықтимал нұсқа болуы мүмкін. Біріншісі - "резервтік қор", оны бүгінде бюджет қажеттіліктерін қаржыландыру үшін пайдалануға болады. Екіншісі - "Ұлттық қор - балаларға", оған Ұлттық қор активтерінің 50% - ы беріледі және әрбір бала үшін арнайы шоттар ашылады, оларға барлық инвестициялық кірістер бөлінетін болады", - деді ол Үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасына арнаған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, кез келген инвестициялық табыс тұрақты емес. 

"Мысалы, әйгілі Норвегиялық мемлекеттік қор да шығынға ұшырайды. 2001 жылдан бастап біздің ұлттық қорымыздың орташа кірістілігі жылдық 3,7% - ды құрады. Бірақ Ұлттық қордың шығынға ұшыраған жылдары бар. Кемінде бес жыл сондай болды - бұл 2002, 2008, 2014, 2015, 2018 жылдар. Осыны ескере отырып, балаларға берілетін активтерді тиімді әрі жауапкершілікпен басқаруды арттыру қажет", - деп есептейді ол.

Үкімет пен Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін балаларға аудару кезінде қатерлерді әртараптандыру һәм азайту үшін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуі қажет. Осы нормативтік-құқықтық актілерде осы қордың активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының тізбесі көрсетілуі, сондай-ақ инвестициялық декларация әзірленіп, бекітілуі тиіс, деп түйіндеді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу