Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жиналысқа қатыспаған облыс әкімдерінің орынбасарларын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов барсыз ба? Әлде басқа адам отыр ма?", - деп сұрады мәжілісмен.
Облыс әкімдігінің өкілі Елеуов жиналысқа қатыса алмағанын айтты.
"Жиналыста Үкіметтің өкілі бар ма? Неге әкімдердің орынбасарлары қатыспай отыр? Аппарат қай облыстар қатыспай отырғаны жөнінде қызметтік хат жолдаңыз. Тізім бойынша Елеуов деп көрсетілген. Абай облысынан Мұсабаев делінген. Менен Ақмола облысы әкімінің орынбасары ғана сұранды. Басқа ешкімге рұқсат берген жоқпын. Премьер-Министрдің канцеляриясына және Президенттің әкімшілігіне қызметтік хат дайындаңыздар", - деді Еділ Жаңбыршин.
Айта кету керек, осыған дейін депутат "полигон" сөзінің орынсыз қолданылуына шүйліккенін жазған болатынбыз.