Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады

618

Депутат Марат Құсайыновтың айтуынша, қаржы пирамидаларының қызметін бастапқы кезеңде тоқтату жоспарланып отыр.

Мәжіліс қаржы пирамидаларына қатысты заң шығарады

Мәжіліс қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізетін болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бұл заң жобаларын Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Парламентінің депутаттары әзірледі. Заң жобаларының негізгі мақсаты азаматтардың мүліктерінің қорғалуын арттыру және қаржы пирамидаларының қызметін олардың бастапқы сатысында тоқтату болып табылады", − деді Құсайынов.

Оның айтуынша, заң жобалары бойынша қорытындыны 2022 жылғы 16 қарашаға дейін дайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу