Мәжіліс құпия ақпаратты қорғау жөніндегі келісімге Арменияның қосылуын мақұлдады

626

Енді Армения азаматтары да ЕАЭО аумағында қол жеткізген құпия ақпараттарды жария еткені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мәжіліс құпия ақпаратты қорғау жөніндегі келісімге Арменияның қосылуын мақұлдады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық комиссияның құпия  ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.

 Аталған келісімге 2014 жылы Ресей, Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері қол қойған болатын. Құжат трансшекаралық аймақта бәсекелестікті қорғауға бағытталған. Онда құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібі көрсетіледі.

Айта кету керек, салықтық, банктік, коммерциялық және жеке тұлғаның дербес деректері жариялауға жатпайтын ақпарат санатына жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу