Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 15,3 млрд теңге жұмсалады

783

Біріккен сайлау кампаниясы 9,7 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдейді. 

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 15,3 млрд теңге жұмсалады

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының біріккен сайлау кампаниясының шығысы 2016 жылғы мәжіліс сайлауы мен 2019 жылғы Президент сайлауының шығысынан асатынын айтты. 

"Парламент мәжілісінің 2016 жылғы сайлау кампаниясымен және 2019 жылғы Президент сайлауымен салыстырғанда алдағы кампанияда шығыс көбейеді. Шығыстың артуына сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын көтеру, халық санының табиғи жолмен өсуіне байланысты қосымша 86 сайлау учаскесінің құрылуы себеп болып отыр. Бұл жерде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ пандемия жағдайында сайлау өткізуге байланысты міндетті шығыстар бағасының инфляциясын да ескеру қажет. Жалпы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының біріккен сайлау кампаниясына шамамен 15,3 млрд теңге жұмсалады. Бұл бюджет қаржысын тиімді пайдалануда ұтымды шешім болып отыр. Себебі 2 бөлек сайлау өткізгенде шығын 25 млрд теңге болатын еді", – деді Сәбила Мұстафина.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу