Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын жұмысқа алды

449

Құжатта бірқатар нормалар бар. 

Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын жұмысқа алды Фото: Мәжіліс

Мәжіліске жаңа заң жобалары келіп түсті. Соның бірі – "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы және оған ілеспе түзетулердің екі пакеті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған заң жобалары Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. 

"Жобалармен қылмыстық рақымшылық шеңберінде зиян келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген ауырлығы аз немесе орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша толық өтелген жағдайда мерзімдерді қысқарту ұсынылады. Әкімшілік рақымшылық шеңберінде ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар адамдар және басқа да адамдар осы заң қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған әкімшілік айыппұл түрінде салынған әкімшілік жазадан босатылады", – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Жалпы рақымшылық жасау азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу