Мәжіліс төрағасы фонограммаға жүгінетін әншілерді қолдамайды

1597

Министр сахна тәртібін қатаңдату бастамасын көтерді. 

Мәжіліс төрағасы фонограммаға жүгінетін әншілерді қолдамайды

Музыкалық шығармаларды орындаушылар фонограмма қолданатын болса, бұл туралы алдын ала тыңдарманға хабарлауға тиіс. Мәжілістің жалпы отырысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасына осындай талап енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

Бұл бастамаға қатысты пікір білдірген  мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әді жанды дауыспен айтқанды құптайтынын жеткізді. 

"Меніңше, нағыз өнер ол – айтыс. Айтысқа фонограммамен шығып көріңізші. Онда ешқашан, ешқандай фонограмма болмайды. Сол үшін шығар, халқымыз айтысты жақсы көреді. "Қисық арба жол бұзады" деп халқымыз айтқандай, өнер әрқашан да таза болуы керек. Әнді жанды дауыста айтқан дұрыс. Ал фонограмма болса, онда оны алдын ала ескерту қажет және билеттің бағасы да соған сәйкес болуға тиіс. Одан кейін халық ол концертке баратынын не бармайтынын өзі шешеді. Әрине концерт жанды дауыста болса, әншіге халықтың бағасы да, құрметі де жоғары болады", –  деді Нұрлан Нығматулин. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу