Мәжіліс төрағасы министрді мақтаған депутаттың сөзін бөліп жіберді

486

Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. 

Мәжіліс төрағасы министрді мақтаған депутаттың сөзін бөліп жіберді Фото: Мәжіліс

Мәжілісте "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заң мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Әрине, бұл заң жобасын қолдаймыз. Өзім осы заң дайындалған кезде басы-қасында болдым. Сынап тұрамыз өзіңіз келгенде. Осы мінбердің үстінде талай өзім де айттым, бірақ барын бар деп айтуымыз керек. Біздің біраз ұсынысымыз қабылданды. Башимов (ред. – депутат Марат Башимов) екеуміз дропперлік туралы көп айттық, қолдадыңыздар. Кішкентай қыздарға телефоннан түрлі хабарламалардың келуіне қатысты, телефонға хабарласатын алаяқтар бойынша түзетулерді қолдадыңыздар. Қыз алып қашу бойынша біраз жыл талқыладық. Президент те қолдады. Қолдадыңыздар, заңға енгіздік. Енді қарасам әлі де БАҚ-та түсінбейтін жағдайлар бар. Кеше көрдім, сіздер бірден осындай қылмыстар бойынша ұсталып жатыр деп беріпсіздер. Насихат та өте маңызды", – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов. 

Осы тұста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың сөзін бөлді.

"Мұрат Абдуламитұлы, сұрағыңызды қойыңыз. Ал министрді мақтауды қазір жарыссөзге жазылыңыз. Сосын айтасыз", – деді Мәжіліс спикері.

Айта кету керек, бұған дейін енді әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіпке жауап беретінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу