Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің коронавирус жұқтырғаны анықталды

531

17 маусымда өтетін Мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізуде.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Мәжіліс төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, жалпы отырыстарды қоспағанда ешкіммен тікелей байланыста болмаған.Сонымен қатар, әрбір жалпы отырыс сайын коронавирусқа тест тапсырып отырған.

"Биылғы жылдың 9-11 маусымы аралығында Мәжіліс Төрағасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерге байланысты Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын. Елжан Біртановтың оң сараптамасына байланысты 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тағы бір сынақтан өтті. Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті. Диагноз симптомсыз түрі деп қойылды",– деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдап, жұмысын қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу