Мәжіліс “Ұлттық қор – балаларға” заң жобасын жұмысқа қабылдады

468

Тиісті құжат Мемлекет басшысының “Ұлттық қор – балаларға” жобасын 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу мақсатында әзірленген. 

Мәжіліс “Ұлттық қор – балаларға” заң жобасын жұмысқа қабылдады Фото: Almaty.tv

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиев айтты.

“Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының елу пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы шоттарына жинақталады. Заң жобасы кәмелетке толған азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік береді. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын”, - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу