Мәжіліс Ұлттық қордан алдағы 3 жылда бөлінетін трансферт көлемін бекітті

593

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында  "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заң жобасы талқыланды.  

Мәжіліс Ұлттық қордан алдағы 3 жылда бөлінетін трансферт көлемін бекітті Фото: gov.kz

Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мынадай көлемдерде жоспарланады: 2023 жылы – 2,2 трлн. теңге; 2024 жылы – 2,0 трлн. теңге; 2025 жылы – 1,9 трлн. теңге. Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт 2023 жылы 1,0 трлн. теңге және 2024 жылға 400 млрд. теңгені құрамақ.

2023 – 2025 жж арналған Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бөліну ұсынылуда, деп жазады inbusiness.kz.

 Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыровтың мәлімдеуінше, Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджеттік қағидаға сәйкес мұнайға кесімді бағаны ескере отырып айқындалды және болжам бойынша мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтардың көлемінен аспайтын болады.

"Бұл ретте, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы баррелліне 2023 жылы 48,9 АҚШ доллары, 2024-2025 жылдары 42,2 – 40,3 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді", – дейді Әлібек Қуантыров.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, жоспарлы кезеңде қағидаларды қолдану Ұлттық қордың валюталық активтерін 2023 жылы 66,7 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіруге, одан әрі 2024–2025 жылдары 78,8–93,2 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға ықпал етеді.

Ұлттық экономика министрі Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттің көлеміне және орта мерзімді кезеңде шығыстардың өсу қарқынына жоғарғы шекті белгілеу фискалдық тәртіпті арттыруға және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу