Мәжіліске жаңа депутат келді

257

Ол – "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Мәжіліске жаңа депутат келді Фото: Аманат партиясы

Мәжілістің жаңа депутаты Әбутәліп Мүтәлі ант берді. Ол экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", – деді Әбутәліп Мүтәлі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың жұмысына сәттілік тіледі.

Күні кеше "AMANAT" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Мәжілістің партиялық тізімі бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілгені белгілі болды. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жолданғаны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу