Мәжілісте бірлескен зейнетақы аннуитеті туралы заң жобасы мақұлданды

930

Сонымен қатар қор нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары күшейтілмек. 

Мәжілісте бірлескен зейнетақы аннуитеті туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс депуттары сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазды inbusiness.kz.

Заң жобасы отбасылық (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеттерін енгізуді, өмірді сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне қатысуын, сақтандырудың кепілдік берілген санаттарын, оның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды, зейнеткерлік аннуитеттерді, өмірді сақтандыру бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру түрлерін кеңейтуді көздейді. 

Сонымен қатар, қор нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау шаралары күшейтілуде. Брокерге немесе инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты ұсынымдар нәтижесінде клиент шығын шексе жауапкершілік енгізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу