Мәжілісте жаңа депутат сайланды

382

Ол "АМАNАТ" фракциясына қосылды.

Мәжілісте жаңа депутат сайланды Фото: t.me/AMANATPartiyasy

Бүгін жалпы отырыста депутат Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлады inbusiness.kz.

Ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мәжілістегі "АМАNАТ" фракциясының қатарына қосылды. 

Айта кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы бос тұрған мандатты Вера Кимге беру туралы қаулы қабылдаған болатын. Ол 2021 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу