Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді

952

Парламенттің төменгі палата депутаттары партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша сайланды. 

Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар ант берді Фото: бейнеден скриншот

Халық қалаулылары VIII сайланған ҚР Парламентінің алғашқы сессиясында ресми түрде ант берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді депутаттар.

Еске салайық, партиялық тізімдер бойынша Мәжіліске 6 партия өтті. Бұдан бөлек бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың тізімін де жариялаған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу