Мәжілісте жастарды әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасы қаралады

Мәжілісте бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылданды.  

Мәжілісте жастарды әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасы қаралады Фото: baq.kz

Соның ішінде "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жоба бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Бұл заң жобасын Парламент депутаттарының тобы бастамашылық етіп, әскери-патриоттық ұйымдарды тарта отырып, азаматтарды, оның ішінде мектеп оқушылары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін құқықтық ая құру үшін әзірлеген. Комитет осы заң жобасын қарастырып, қорытынды әзірлеуге дайын", – деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу