Мәжілістің жаңа сайланған депутаты ант берді

282

Бұдан бөлек ол Мәжілістегі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды. 

Мәжілістің жаңа сайланған депутаты ант берді Фото: daulet_mukayev

Сәрсенбі күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айтуар Қошмамбетов ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін”, - деді Айтуар Қошмамбетов.

Айта кету керек, осыған дейін Мәди Такиевтің депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу