McLaren гибридті суперкарларға платформа жасайды

599

McLaren басшысы модельдік қатардың электрификациясы туралы айтып берді. 

McLaren гибридті суперкарларға платформа жасайды

Көз үйренген суперкарлар бірнеше жылдан кейін гибридті моторы бар көліктерге жол береді. Гибрид автомобильдерге арналған жаңа платформа көктемде көрсетілуі керек еді, пандемия жоспарды бұзды. Таяуда McLaren автоиндустрияға әсер ететін әзірлемесі туралы баяндады. 

Келешекте гибридті суперкарлардың қаңқасын жасау кезінде көміртекті пластик қолданылады. Үш жыл бұрын көрсетілген McLaren 720S-тің қаңқасы тұтас капсула түрінде жасалған. Инженерлер салмақты азайту мақсатында бұл идеядан бас тартып, келесі буында "ваннаға" құсас монокок қоймақшы. Соның арқасында қауіпсіздік те артады деп отыр шеффилдтіктер.

Жаңа платформадағы Макларенді келер жылдың жаз мезгілінде көре аламыз. Бензинді V8 һәм электромотормен жабдықталатын Speedtail моделі дүйім жұртқа паш етіледі. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу