Медеу биік тау мұз айдынының жұмысы шектеледі

18-24 ақпан күндері Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық кезеңін дайындау және өткізуге байланысты жаппай сырғанау болмайды.  

Медеу биік тау мұз айдынының жұмысы шектеледі Фото: orda.kz

Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасы хабарлады.

Барлық қызығушылық танытқан жанкүйерлер үшін мұз айдынына кіру тегін.

21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады.

Турнир туралы толық ақпарат шараның басталу күніне жақынырақ жарияланатынын хабарлаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу