Медеуден "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына дейінгі аралықта инженерлік желілердің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба аяқталғаннан кейін осы жол бойында орналасқан нысандар толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қазір құрылысшылар газ құбырының алғашқы учаскелерін орнатып, кәріз желілерін тартып, темірбетон құдықтарын орналастырып жатыр.
"Жұмыс табиғи ландшафтты барынша сақтауға мүмкіндік беретін экологиялық талаптарды ескере отырып қолға алынған. Осыған байланысты жолдың кей жерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау кезінде осыны ескерулерін сұраймыз", – деп хабарлады қалалық әкімдік.
Құрылысты 2026 жылы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.