19–22 қазан аралығында көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының "Горельник" визит-орталығы маңындағы бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеу енгізіледі.
Аталған кезеңде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбыры орнатылады. Осыған байланысты жолдағы көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің өтуіне толықтай тыйым салынады.
Қала тұрғындары мен туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу